Құтқарушылар жасөспірімнің тізе жарақатын тауға өрмелеу барысында алғанын анықтады
Мохнатка тауының маңында демалған топтың құрамында болған 14 жастағы баланы қаламыздың Құтқару қызметі құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Тауда жарақаттанған жасөспірім туралы мәліметті Алматы қаласының Құтқару қызметіне қалалық ТЖД кезекшісі 16 сағат 25 минутта тапсырған. Кіші Алматы шатқалына 109 қызметінің тау базасынан құтқарушылардан тұратын экипаж бірден аттанды", - делінген «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК баспасөз қызметінде.
Тізеден жарақат алған зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ол таудың төменгі жағында күтіп тұрған ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицина орталығы» дәрігерлеріне тапсырылды. Жарақат алушыға дәрігерлік көмек көрсетіліп, оған стационарлық емнің қажет емес екендігі анықталды.
Құтқарушылар жасөспірімнің тізе жарақатын тауға өрмелеу барысында алғанын анықтады.