Бірнеше кезеңді қамтыған жарыстың мақсаты – жанұяларды біріктіріп, рухани құндылықтарды насихаттау
Алматыдағы № 71 мектеп-лицейінде отбасы күніне орай ата-аналардың қатысуымен сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірнеше кезеңді қамтыған жарыстың мақсаты – жанұяларды біріктіріп, рухани құндылықтарды насихаттау. Осылайша қоғамдағы отбасының рөлі мен беделін арттырып, жауапты ата-ана болу идеясын жүргізу көзделген.
«Бұл шараға ауданымыздың 6 мектебінен 10 отбасы қатысып отыр. Олар музыкалық өнерін көрсетеді. Одан кейін қолөнер сайысы болады», – деді № 71 мектеп-лицей директорының орынбасары Нұрман Ермұхан.