«Күшіміз бірлікте»: Алматыда әскери патриоттық акция өтті

02.02.2022 01:59

Шараның басты мақсаты — Отан қорғаушылардың моральдық рухын көтеру, әскери миссиясының маңызын нығайту

Almaty.tv

«Күшіміз бірлікте». Бүгін осындай атаумен Алматыда әскери патриоттық акция өтті. Шараның басты мақсаты — Отан қорғаушылардың моральдық рухын көтеріп, әскери миссиясының маңыздылығын нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

           

Бүгінде тәрбие құрылымдарының офицерлері жаппай дүрбелеңге қатысқан әскери қызметшілерге психологиялық оңалту жағынан қолдау көрсетіп жатыр.  

«Қорғаныс министрінің шешімімен үгіт-насихат тобы құрылып, әскери бөлімдерге барып жүрміз. Осыған дейін бірінші батыс өңірлік қолбасшығында жұмыс істеп, Атырау, Ақтау, Ақтөбеге барып келдік», - деді ҚР Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев.

Әскери қызметкерлер алдағы уақытта Талдықорған, Жаркент және Қапшағай мен Сарыөзектегі гарнизондарға да барып, осындай акция өткізуді жоспарлап отыр.

«Бүгін әскери қызметкерлердің акциясына біз де қатыстық. Қиын сәтте қала қауіпсіздігін толығымен қамтамасыз еткен Отан қорғаушыларға алғысымыз шексіз. Оларға қалалық мәслихат депутаттары мен жергілікті тұрғындардың атынан рақмет айтқым келеді», - деді қалалық мәслихат депутаты Шухрад Шардинов.