Саябақ аумағындағы ескі дуалдарды қалпына келтіру бойынша компаниямен келісімге қол қойылды
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында қатысушыларға 28 гвардияшы панфиловшылар саябағының аумағын абаттандыру бойынша жоба таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Саябақ аумағында ауданы 17 000 м2 астам асфальтбетон жабынын ауыстыру, саны 373 бірлік жарықтандыру тіректерін орнату, ауданы 3600 шаршы метрден асатын тротуар плиткаларын орнату, 59 000 шаршы метрден асатын аумақты көгалдандыру көзделеді. 103 жаңа орындықтарды орнату және 23 ретро орындықтарды қалпына келтіру жүргізіледі, сондай-ақ ұзындығы 2100 п. м. астам дренаж жүйесін реконструкциялау бойынша жұмыстар орындалатын болады.
«Негізінен саябақ аумағында жарықтандыруды ауыстыру және жалпы жақсарту жүргізіледі. Жаяу жүргіншілер, тротуарлық жолдарды ауыстыру қарастырылған. Шағын сәулет нысандары ауыстырылады», – деді қалалық жайлы орта бөлімінің басшысы Руслан Кемелбаев.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда саябақ аумағындағы ескі дуалдарды қалпына келтіру бойынша компаниямен келісімге қол қойылды.
«Қалпына келтіру кезінде бұл жерде қоршауларда 20-дан астам бояу қабаты, бірінің үстіне бірі жағылғаны анықталды. Мердігер ұйым арнайы жабдықтары бар кәсіби базасы бар компанияны тапты, ол қалпына келтіруді (қоршауды ауыстыруды емес) жүргізеді», – деп түсіндірді Р. Кемелбаев.
Бүгінгі күні қалпына келтіру жұмыстары көлемінің 75%-дан астамы аяқталды. Шамамен аяқталу мерзімі қазан айының соңына дейін