Туберкулезбен күрес: Алатау ауданының тұрғындары тегін флюрографиялық тексерістен өтті

Акцияның мақсаты – халыққа құрт ауруының алдын алу шаралары, алғашқы белгілері, жұқтыру қаупі мен ауыр салдары жайында ақпар беру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданының 32 тұрғыны тегін флюрографиялық тексерістен өтті. Игі шара туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында  ұйымдастырылған. Бүкіл республика бойынша 23 ақпаннан басталған науқан тура 30 күнге созылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Акцияның мақсаты –  халыққа құрт ауруының алдын алу шаралары, алғашқы белгілері, жұқтыру қаупі мен ауыр салдары жайында ақпар беру. Айта кетейік, туберкулезге қарсы іс-шаралар кешенін іске асырғанның арқасында республикадағы аурушаңдық көрсеткіші соңғы 5 жылда 1,3 есеге азайған.

«Өткен жылғы статистикаға келетін болсақ, өткен адамдар саны 160 болды өткен жылы. Сол 160 адамның ішінде туберкулез анықталған жоқ. Оның ішінде 2 адамнан онкологиялық процесс анықталды және өпенің созылмалы аурулары анықталған», – деді №25 қалалық емхананың дәрігері Роза Жайлаубаева.

«Ақбұлақ» базары маңында өткен акцияда саудагерлер мен онда келушілерге тегін флюорографиялық тексерістен өтуге мүмкіндік туды. Мұндай іс-шара жалпы мегаполис бойынша бірнеше рет өтіп тұрады. Сондай-ақ, кез-кезлген қала тұрғыны өзі тіркелген емханаға барып тегін тексерістен өте алады. 

«Болашақ» базарында жұмыс істеймін. Бізге осындай акциялар қолайлы жұмысымызға. Жылда осындай ациялар жасап тұрады. Біз түсуге дайынбыз. Өйткені бізде бір ақ күн демалыс болады. Оны бала-шағаның қамымен өткіземіз. Поликлиникаға барып түсуге ыңғайсыз», –деді Алатау ауданының тұрғыны Асылайым Сұлтанханова.

Новости партнеров