Алматының Наурызбай ауданында 100-ге жуық тұрғын үй кешені залалсыздандырылды

almaty.tv
almaty.tv
Алматыда коронавирусты ауыздықтау үшін бірыңғай дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коронавирусты ауыздықтау үшін бірыңғай дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр. Алдымен адам көп шоғырланған аймақтар тазартылады. Наурызбай ауданы бойынша залалсыздандыру шараларын Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғай өз көзімен көріп қайтты.

Бүгін Наурызбай ауданы бойынша 100-ге жуық тұрғын үй кешені залалсыздандырылды. Дезинфекциялау жұмыстарына 4 маманнан тұратын 2 топ жұмылдырылған. Дәрілеу нысандарына ойын және спорт алаңдары,  аула орындықтары мен кіреберістер кіріп отыр.

«Қазіргі таңда ауданымызда аптасына 2 рет жасалады бұл. Дүйсенбі мен сейсенбі күндері 1 кезең бітеді. Бейсенбіден бастап сенбі күнге дейін екінші кезең жасалады», – деді Наурызбай ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Өркен Қодаров.

Залалсыздандыру жұмыстарынан бұрын тұрғындарға дауыс ұлғайтқыш арқылы ескерту жасалады. Аудан бойынша бір реттік дезинфекциялауға 12 тоннадай ерітінді кетеді екен. Сұйықтықтың денсаулыққа зияны жоқ дейді мамандар. Десек те дәрілеуден соң 5 сағат пәтерден шықпауға кеңес беріледі.

«Карантин басталғанда тиісті шаларларға тұрғын үйлерді дезинфекциялау жұмыстары да қосылды. Соның арқасында індеттің жұғу деңгейінің төмендегенін бақыладық. Осы жолы да жақсы нәтиже күтеміз», – деді  дезинфекциялаушы ұйымның өкілі Иван Устюгов.  

Жалпы аудан бойынша дезинфекциялау жоспарына 284 тұрғын үй тіркелген. Ал, тұрғындар да өз тарапынан тазалық шараларына немқұрайлы қарамауын сұрайды.

Сымбат Ноғай, Ескендір Тоғысбаев, «Алматы» арнасы


Новости партнеров