Алматыда су қорғау аймағына жақын орналасқан ғимараттар бұзылуы мүмкін

17.06.2020 02:07

Алматы аумағында жалпы ұзындығы 220 шақырымнан асатын 22 өзен ағады

wikipedia.org

Алматыда су қорғау аймақтарына тым жақын орналасқан ғимараттар бұзылуы мүмкін. Бұл мәселе бүгін қала әкімінің бірінші орынбасары, сарапшылар мен экологтар қатысқан онлайн жиында талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Су белдеуіне 20 метрге дейін жақын салынған ғимараттар заңдастырылады. Сондай-ақ, жиынға қатысқан қала тұрғындары өзен жағалауларында жүре алмай қалғанын айтып шағымданды. Осыған орай Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов нақты заңды шараларды қолға алуды тапсырды.  

«Ең бастысы, әкімшілік тараптардың пікірін тыңдады. Әрине, бұл мәселеде оңтайлы шешімге келу қиын. Зиянын тұрғындар көріп жатыр. Көпшілігі жылдар бойы тұрғылықты мекендерін заңдастыра алмай жүр. Тиісінше, біз де жуық арада мәселені шешу үшін басқа да жолдарды қарастырамыз», - деді қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан ҚОЖАҒАПАНОВ.

Атап өту керек, Алматы аумағында жалпы ұзындығы 220 шақырымнан асатын 22 өзен ағады.

Естереңізге сала кетейік, соңғы 2009 жылғы Су кодексі бойынша су қорғау аймағы 35 метр болып белгіленген болатын.