Алматыда емханаларды заманауи медициналық құрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғасуда

Алматыда емханаларды заманауи медициналық құрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғасуда
Олардың дені АҚШ пен Түркиядан әкелінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда емханаларды заманауи құрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Олардың дені АҚШ пен Түркиядан әкелінген. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай аппараттар бәрінен бұрын, мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағы тұрғындар үшін тиімді. Себебі бұрын оларды арнайы көлікпен басқа емханаға апарып-әкелеу қиындық туғызса, ал қазір жергілікті медициналық мекемеде барлық жағдай жасалған. Тақырыпты Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын жалғайды.

№20 емханада 36 мыңнан астам тұрғын тіркеуде тұр. Орталық қыркүйектен бастап жаңа құрылғымен жабдықталған. Мәселен, маммограф қондырғысы сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу үшін қажет. Озық құрылғылар дәрігер жұмысын жеңілдетіп, науқастың уақытын үнемдейді. Оның артықшылығы рентгеннен өткен пациентте ауырсыну белгілері байқалмайды және радиациялық қауіпсіздігі өте төмен.

«Аппараттар орнатылған кезде компания қызметкерлерімен біздің дәрігерлерге арнайы мастер-класттар өткізіліп, снимок қалай жасалуы керек, қалай пациентті орнықтыру керек бәрін толықтай үйретті және біз толықтай үйреніп алдық. DamuMed арнайы қосымшамен байланыстырылған», – деді қалалық № 20 емханасы бас дәрігерінің орынбасары Маржан Әлиева.

Бұл да соңғы үлгімен құрастырылған УЗИ аппараты. Ол бүйрек, қалқанша безі, іш-құрылыс ауруларын анықтап, дұрыс диагноз қоюға көмектеседі. Бұрын емхана тәулігіне 15 адам рентгенге түсірсе, қазір жаңа құрылғы 20-25 адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы.  

«Ерекшелігі бұл аппаратта зум, акушерлік гинекологиялық ультра дыбыстың көлемі төмен болғандықтан, нәтиже анық шықпайтын еді, бұрын нақты диагноз қоя алмайтынбыз, қазіргі аппартпен зерттеу нәтижесі өте анық, сондықтан науқастардың сұранысы да арта түсті», – деді қалалық №20 емханасының ультрадыбыс зертеу дәрігері Гүлшат Тоқтарбаева.

Емханада қан потологиясына зерттеу жүргізетін қосымша 3 құрылғы да бар. Ол қан ұйю жылдамдығы мен науқастың бүйрек, бауыр жұмысын дәл көрсетеді екен.

Емханадағы тағы бір заманауи  құрылғылардың бірі – гематологиялық анализатор. Бұл қанды өзіне тартып алады да, қан құрамындағы лейкоцит, тромбоцит сынды элементтердің мөлшерін анықтайды. Нәтижесі 1 минуттың ішінде дайын болады. Науқас бойында қандай да бір ауру белгілері анықталған жағдайда арнайы дәрігерге жолдама беріледі.

Қала бойынша емханаларды осындай құрылғылармен жабдықтау жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Ауқымды шаруа қала әкімдігінің қолдауымен «Шетсіз қала» жобасы аясында жүзеге асуда. Ендігі міндет қала тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету.

Ұлағат Арғын, Ғани Қалуов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров