Алматыда француз спорт дүкені ашылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Сауда орнында 50-ден астам спорт түріне арналған тауарларды қолжетімді бағамен алуға болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белсенді демалыс пен спортты жаны сүйетін қауым үшін жағымды жаңалық. Алматыда алғаш рет француздық спорт дүкені ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – Decathlon сауда желісінің Қазақстанда ашылған ең бірінші флагмандық дүкені. Сауда орнында 50-ден астам спорт түріне арналған тауарларды қолжетімді бағамен алуға болады. Decathlon – бүкіл жанұяға арналған француздық спорт тауарлар желісі. Дүкеннің іргетасы 1976 жылы Францияда қаланған. Ұсынылған өнімнің бәрін фирма өздері өндіреді. Сауда орнының салтанатты ашылу рәсімінде қонақтарға түрлі ойын-сауық бағдарлама мен спорт жарыстары ұйымдастырылды.

«Француздық Decathlon желісін біз Қазақстанға енгізу үшін 7 жыл еңбек еттік. Әрі оны ірі «Апорт» молында аштық. Бұл дегеніміз енді тұтынушылар тауарларды франшизалар мен көтермелеп сататын операторлардың қойған бағасынан 15-20 пайызға арзан ала алады деген сөз», – деді Коммерциялық жылжымайтын мүлік девелоперлері одағының төрағасы, Aport Mall СОО тең төрағасы Дмитрий Ревин

Бүгінде әлемнің түпкір-түпкірінде сауда желісінің 1,5 мығнан астам дүкені жұмыс істейді. Соның ішіндегі екеуі Қазақстанда орналасқан. Компания мұнымен тоқтап қалмайды. Мұндай дүкендер алдағы уақытта еліміздің өзге де өңірлерінде ашылмақ.

«Қазір астанада дүкен ашу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Сосын Шымкентте де жоспарлап отырмыз. Баға мен сапаның үйлесімді болуын назарда ұстаймыз», – деді Decathlon Kazakhstan желісінің бас директоры Жером Антонио Да Сильва.

Ал келушілер үшін ең басты тосын сый – «Апорт» молы ұйымдастырып жатқан «Сауда жасап, пәтер ұтып ал» акциясы. 10 мың теңгеге сауда жасаған әрбір адам 3 бөлмелі пәтердің ұтысына қатыса алады. Жеңімпаз 17 қыркүйекте анықталады.

«Молдың кез келген дүкенінде сауда жасап, чектерді ресепшнге өткізіп, мынадай купон алу керек. Пәтер «Достар» тұрғын үй кешенінен беріледі», – деді Маркетинг және жарнама департаментінің директоры Динара Әмренова.

Еліміздегі ең ірі «Апорт» сауда орталығы ашылған күннен бастап тұтынушыларды танымал брендтердің бірегей желілерімен қуантып келеді. Бұл жерден қажетті заттың түр-түрін табуға болады.

Назкен Еркін, Динара Сәбитова, Сағындык Нарыков, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров