|
15.11.2022 | 14:14
4227

Наурызбай ауданында қандай жобалар іске асты

Жаңа ойын алаңы заманауи талаптарға сай жасалған

Наурызбай ауданында қандай жобалар іске асты Almaty.tv.

Айтылды-орындалды. Наурызбайлықтардың өтініші жерде қалмады. Қазір онда халықтың сұрауымен қос ойын алаңы қолданысқа берілмек. Ал қара түнекте қалған көшеге жарық шамдары орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Абай даңғылы бойында бос жатқан жерлер бар. Оны халық пайдаға асырып балаларға арналған ойын алаңын немесе демалатын орын жасауды сұраған. Тұрғындардың талап-тілегі халықтың қатысумен өтетін «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жүзеге асты. Биыл оған бөлінетін қаржы анағұрлым көбейтілген. Биыл Наурызбай ауданында 47 жоба іске асады. Соның ішінде, Абай даңғылында 3 жобаны жасау көзделген. Оның қатарында, көпір астындағы скейтпарк бар. Мұндай оң өзгерістер халықтың көңілінен шықты.

«Біз жақын маңда тұрамыз. Қол бос кезде балаларды Абай даңғылы бойына қыдыртып шығамын. Бұл алаңды көргенде немерелеріммен бірге өзімде қуанып кеттім. Көздің жауын алатын әдемі, заманауи ойын алаңы екен. Оның үстіне, тұрған жері тамаша. Балалар көшеге жүгіріп кетеді деп уайымдамаймыз.  Қауіпсіздік жағынан да, сапасы да өте керемет», – деді қала тұрғыны Айгүл Мұсатаева.

Жаңа ойын алаңы заманауи талаптарға сай жасалған. Мамандардың айтуынша, соңғы үлгідегі жарық шамдар орнатылған. Қазір жоба 100 пайыз дайын тұр. Аудан әкімдігіне жұмысты қабылдап алу ғана қалыпты.

«Есте болса, халық бос жатқан жерді абаттандыруды, пайдаға асыруды сұрады. Оған қоса, жақында ғана қолданысқа берілген Абай даңғылында болғанын қалады. Енді Абай даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында ойын алаңы пайда болды. Балаларға ойнап, жаттығуңа мүмкіндік бар. Әткеншек, сырғанақ да қойылды», – деді Наурызбай аудандық көріктендіру бөлімінің бас маманы Оңалбек Қыдырбаев.

Алматы әкімімен өткен кездесуінде Қарағайлы ықшамауданында орналасқан Калмыков көшесінде жарық жоқ деп шағымданған. Қазір онда 10 жарық бағаны қойылды. Кешкі уақытта емін-еркін жүруге болады.  

Жадыра Омаржан, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир