Олардың әрбірі мәні мен мазмұнына қарай ерекшеленеді
Биыл Алматы күніне орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Оның әрбірі мәні мен мазмұнына қарай ерекшеленеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз», «Алматы – әсем қала», «Алматы – таза қала» секілді жиындар шаһар тұрғындары мен қонақтарын біріктіреді. Мегаполистің әр аймағындағы алаңдарда ашық аспан астындағы мерекелік концерттер ұйымдастырылып, мобильді оркестрлер мен әртістер қала тұрғындарына түрлі қойылымдар мен тосынсыйлар ұсынбақ.
Сондай-ақ метро стансалары мен мәдени орындарда көрмелер өтіп, музыканттар өнер көрсетеді.
«Қала аудандары, сонымен қоса, мәдени ошақтар, барлығы бірлесе арнайы жоба әзірлеп жатыр. Биыл былтырға қарағанда 43 іс-шара артық ұйымдастырылып отыр. Олар қыркүйектің аяғына дейін өтеді. Сондықтан 150 ауқымды іс-шара қолға алынды», - деді Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.
Оқи отырыңыз: Алматылықтар қала күнін қалай атап өтеді