Сайын көшесінің батыс бағытындағы орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

elements.envato.com
elements.envato.com

Реверсивті қозғалыс басталар тұста екі қапталынан да көліктің арасын бөлетін қоршаулар болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жолдарды орташа жөндеу жоспары аясында биыл Сайын көшесіне ҮАК бойынан Мөңке би көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жолдың батыс жағын жөндеу аяқталды, қозғалыс ашық. Келесі кезеңде жолдың шығыс жағы орташа жөндеуден өтеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Сайын көшесінде ҮАК бойынан Мөңке би көшесіне дейін орташа жөндеу жүргізу кезінде көлік жүру қабілетін арттыру үшін мынадай шаралар қабылданады:

- 23 шілде сағат 21:00-ден 25 шілде сағат 07:00-ге дейін жолдың шығыс жағында толық жабылатын полимерлі асфальтбетон жабындысын төсеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полицияның 6 экипажы жұмылдыралады, 40 км/сағ жылдамдықты шектеу белгісі орнатыладв, жолақ ретінде конус типті шағылысушы чиптер қойылады.

Реверсивті қозғалыс басталар тұста екі қапталынан да көліктің арасын бөлетін қоршаулар болады.

Жол жөндеу жұмыстары туралы соңғы ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, сонымен қатар, 2 ГИС қосымшасында көрсетілген.

Новости партнеров