Алматыда мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай концерт өтті

04.06.2022 02:26

Сахнада эстрада жұлдыздары ән орындап, ұлттық би көрермендерге тарту етілді

Almaty.tv

Патриоттық туындылар мен ұлттық билер, эстрада жұлдыздарының орындауындағы керемет әндер. Алматыда мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай дүбірлі концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Республика сарайының алдындағы Абай алаңында ашық аспан астында мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығына орай керемет кеш өтті. Мерейлі концертті тамашалауға жиылған жұрттың қарасы көп, бәрінің көңіл күйі көтеріңкі. Сахнада эстрада жұлдыздары өз репертуарларындағы әндерді орындап, ұлттық билер көрермендерге тарту етілді. Қала әкімінің орынбасары алматылықтарды айтулы мерекемен құттықтады. Ал өнер майталмандары өз сөзінде мемлекеттік рәміздер - еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігінің көрінісі және оларды құрметтеу әрбір қазақстандықтың борышы екенін алға тартты.

«Әрқайсымыз өзіміздің әнұранымызды, туды, елтаңбаны қастерлеуді сезінсек, ұлттық рухымыз асқақ ел боламыз», – деді әнші Ғазизхан Шекербеоков

Отанын сүйетін әрбір азамат мемлекеттік ту, елтаңба, әнұранды тұмардай қасиет тұтуы қажет екені хақ. Өйткені рәміздер елдің өзіндік өмір салтын, ұлттық болмысын көрсететін айрықша белгі болып табылады.