Алматыда дәрі-дәрмек нарығындағы жағдай тұрақтанып келеді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қаладағы 105 дәріханаға күнделікті қажетті препараттар жеткізу жұмыстары қарқынды жүруде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда дәрі-дәрмек нарығындағы жағдай тұрақтанып келеді. Қаладағы 105 дәріханаға күнделікті қажетті препараттар жеткізу жұмыстары қарқынды жүруде. Алдағы уақытта шілде айының соңына дейін мегаполис дәріханаларының сөрелері аса сұранысқа ие аспириннің 1 миллион 200 мың данасымен, ал парацетамолдың 930 мың данасымен, сондай-ақ өзге дәрілермен толығатын болады. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Аяулым Көлжігіт тарқатады.

Алматыда қауіпті індеттің өршуі салдарынан тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмекке деген сұраныс артқан. Десе де 1 шілдеден бастап қала билігі шаһардағы медициналық препараттарының мардымсыз жеткізіліп отыруын қолға алған болатын. Бүгінде қаладағы 105 дәріханаларға қажетті дәрілерді үздіксіз жеткізу жұмыстары жүзеге асуда. Дәріхана басшыларының айтуынша кез келген қоймаларда дәрі қоры болады. Бірақ сұраныстың артуынан 2 сағат ішінде сатылып кетеді дейді.

«Бізге тауар әрбір сағат сайын келіп жатыр. Менеджерлер күндіз-түні қажетті қосымша құжаттарды қабылдап жатыр. Дәріханада қажетті дәрілер әрдайым бар. Егер де қандай да бір препарат таусылған жағдайда, провизорларымыз орнына басқа дәріге сұраныс жасайды. Себебі әр препараттың орнын өзге дәрімен ауыстыруға болады. Тұтынушылар саны күн санап артуда. Тіпті, дәрігердің нұсқауы бойынша келетіндері бар, өз беттерімен алушылар да көп», – деді №2 орталық дәріхананың директоры Айгүл Тілеубердина.

Қазіргі уақытта дәріхана қоймаларында әлеуметтік маңызы бар 645 мың дәрі-дәрмек, соның ішінде 301 мың аспирин, 84 мың кардиомагнил, 73 мың парацетамол, 42 мың ибупрофен және 26 мың амоксиклав пен басқа да дәрі-дәрмектер бар.

Дәл қазір біз Гоголь көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасақан орталық дәріхананың алдында тұрмыз. Мұнда таңертеңнен бері қажетті препараттарды сатып алу үшін келген тұрғындардың ұзын сонар кезегін байқауға болады. Себебі қала басшылығының тапсырмасымен мегаполистегі барлық дәріханалар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде. Ал, осындай қиын жағдайда ауадай қажетті дәрілер расымен жеткілікті ме? Біз мұны тұтынушылардын сұрап көрсек.

БЛИЦ:

– Иә, алдым. Міне, көрсетейін. Асперин мен парацетамол. Бәрі бар.

– Қаншадан екен бағасы?

– 150 теңгеден екеуі де.

– Я фурацилин купил по 510 тенге. Цена не изменилась. Так же осталась. Фурацилин это – хорошее средство для дезинфекций. Можно носоглотку промывать.

– Покажите пожалуйста.  

– Осы жерден дәрілер алдым. Өзіңіз көріп тұрсыз. Біз ажиотаж болғандықтан, үлгермей жатырмыз дейді.

Ал, «Садыхан» дәріханалар желісінің басшысы фармацевттер дәрі-дәрмектердің бағасын көтеруге мүдделі емес дейді. Пандемия кезінде шет елден дәрі-дәрмектерді жеделдетіп алдыруға барынша көмек көрсеткен қала әкімдігі медициналық заттар нарығында қалыпты бағаны белгілеген. Тек, дүниежүзінде дәрі-дәрмекке деген сұраныстың артуы салдарынан өндірушілер олардың бағасын өсіріп жіберіпті. Сондай-ақ, препараттар тапшылығы шаһар аумағында жеткілікті екеніне тоқталды. Десе де халық үрейге бой алдыруынан дүрбелең туатын көрінеді.  

«Коронавирус індеті көпшілік арасында қорқыныш тудыруына байланысты, тұрғындар дәрілерді ауырмаса да алып жатыр. Кейбіреулері тіпті, алдын ала профилактика жасау үшін дәрумендер сатып алып жатады. Бұл денсаулыққа зиян. Мүның бәрі дәріханаларда кезек санын арттырады. Сондай-ақ, дәрі қоры жеткілікті. Бірақ, қоймаларда және дәріханаларда қызметкерлердің сырқаттануына байланысты жұмыс күші азайды. Құжаттармен де жұмыс көп. Осы себептен де дәрілер уақытымен жетпей қалуы мүмкін», – деді «Садыхан» дәріханалар желісінің директоры Қайрат Әубәкіров.

Қала аумағында дәрілер бағасының шарықтап кетпеуі мен жеткілікті болуын қадағалайтын мониторингілеу топтары жұмыс істеуде. Медициналық препараттарды заңсыз сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал, фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы қоймаларда қабынуға қарсы және антипиретикалық дәрілердің мөлшері жеткілікті дейді. Яғни, қалалық дәріханалар ең алдымен өмірлік маңызды дәрілермен қамтамасыз етілуде.

«Бүгінгі күні парацетамолдың 140 мың данасы бар. Алдағы 2 апта ішінде жалпы Қазақстан дәріханаларын қамтамасыз ету үшін 2 миллион данасы әкелінбек. Біз еліміздің азаматтарына өз бетімен ем қабылдамауын сұраймыз. Бірден дәріханаға жүгіретін болсақ, вирусты жұқтырып алуларыңыз мүмкін. Әлеуметтік желілерде тараған дәріге кезектің видеолары - коронавирусты жұқтыруға себеп болып жатыр», – деді фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының басшысы Марина Дурманова.

Жағдайды тұрақтандыру мақсатында қала билігі шілде айының соңына дейін 1 миллион 200 мың аспирин, 930 мың парацетамол, ибупрофеннің 350 мың данасын, ингавириннің 100 мың қаптамасы мен 80 мың азитромицин, 40 мың тамифлю секілді басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілерді жеткізуді жоспарлап отыр. Ал, қала тұрғындары қажет болмаған жағдайда медициналық препараттар алуға асықпаған абзал дейді.

Аяулым Көлжігіт, Айдос Байназаров, «Алматы» арнасы


Новости партнеров