Алматыда қала күніне арналған іс-шаралар легі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланатын мереке мың бояулы шаһарда әдеттегідей кең көлемде атап өтіліп жатыр. Соның бірі «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында ұйымдастырылды.
Мұнда ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылған. Сағат 18.00-ден бері бұл сахнада дәстүрлі әншілер мен әртістер өнер көрсетіп жатыр. Сондай-ақ «Алматы кеші» атты театрландырылған концерт өтті. Артынша театр әртістері «Qazaqsha терапия» тобының қатысуымен «Ғасырлар үні» театрландырылған тегін концертін ұсынды.
«Мың жылдық тарихы бар Алматы шаһарының жыл сайын тойланатын қала күні биыл да сол үрдліспен жалғасып жатыр. Халық рухани ләззат алатын іс-шаралар легі әлі де жалғаса береді», - деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі Шаттық Уатқан.
Оқи отырыңыз: Қала күні: қыркүйектің соңына дейін 150 іс-шара өткізіледі