|
12.06.2020 | 21:37
9476

15 маусымнан бастап Алматыда кинотеатрлар ашылады деген ақпарат жалған

Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді

15 маусымнан бастап Алматыда кинотеатрлар ашылады деген ақпарат жалған иллюстрированное фото: almaty.kinoafisha.info

15 маусымнан бастап Алматыда кинотеатрлар ашылады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 3005 оқиғасы тіркелді. Жұқтырудың негізгі көзі – адамдар көп жиналатын орындар. Олардың арасында кинотеатрлар бар.

«Әлеуметтік желілерде 15 маусымнан бастап Алматы қаласында кинотеатрлар ашылады» деген ақпараттың тарауына байланысты, оның шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз. Алматыда коронавирус инфекциясының тіркелу жиілігі бәсеңдемей тұрғандықтан, қазіргі уақытта қала аумағындағы кинотеатрлардың жұмысына рұқсат беру мәселесі қаралған жоқ», –  деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ж. Бекшин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир