Тау бөктеріне 20 см-ге дейін қар түскен: қар тазалау жұмыстары бойынша ақпарат

@almaty_akimat
@almaty_akimat
Көктайғаққа қарсы 2 680 тонна материал пайдаланылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

22 қаңтарда 13.30-дан бастап таулы аймақтарда, 15.15-тен Алматы қаласында қар жауа бастады. Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден 215 құмлақтырғыш көктайғаққа қарсы материал септі. Тәулік бойына техниканың жалпы шығарылымы 608 бірлікті және 1306 жол жұмысшысын құрады.

Сағат 21.00-дегі жағдай бойынша қалаға 5 см-ге дейін, таулы аймақтар мен тау бөктеріне 20 см-ге дейін қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 2 680 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймағы, қоғамдық көлік аялдамалары мен автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда.

Түнгі уақытта қар тазалайтын колонналар ұйымдастырылады.

Қаладағы түнгі қар тазалау жұмысына 568 техника бірлігі, оның ішінде 219 құмлақтырғыш пен 400-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша бүгін ауа температурасы түнде минус 10, -12, 23 қаңтарда минус 5, -7 болады.

Новости партнеров