Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОА елдері бойынша ДБ өңірлік директоры Л. Бурунчук бастаған Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен Алматының тұрақты даму мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«ОА елдері бойынша ДБ өңірлік директоры Л. Бурунчук бастаған Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен өмір сүру жағдайын жақсарту, қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында Алматының тұрақты даму мәселелерін талқыладық», – деп жазады қала әкімі.
ОА елдері бойынша ДБ өңірлік директоры Л. Бурунчук бастаған Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен өмір сүру жағдайын жақсарту, қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында Алматының тұрақты даму мәселелерін талқыладық.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) November 6, 2020