Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қосымша 3 миллиард теңге жұмсалмақ

12.03.2021 в 03:07

Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді

egemen.kz

Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін былтыр 7 миллиард теңге бөлінсе, биыл қосымша тағы 3 миллиард теңге жұмсалды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл қаражат шикізатты ерте сатып алуға, ет, тауық өнімдерін жеткізумен айналысатын кәсіпорындармен, сауда желілерімен жұмыс жүргізуге бағытталыпты. Дегенмен қала билігі бағаның тұрақтылығын ұдайы бақылауда ұстап отыр.

«Қанттың 6 мың тоннасын Алматы облысындағы «Ақсу қант» зауытынан алдын ала сатып алдық. Сұйық майдың бағасы да 2 есеге өсті. Қазір оның орташа бағасы 700 теңгедей. Бұл ретте біз осы аптадан бастап «Жайлау» сауда маркісімен сұйық май жеткізіліп жатыр қалаға. Олар ірі сауда орындарында литріне 385 теңгеден сатылатын болады», – деді қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.