10-11 наурызда Алматының бірнеше ауданында су беру уақытша тоқтатылады

10.03.2021 03:09

Тұрғындарға су жеткізу үшін арнайы автоцистерналар бөлінбек

көрнекі сурет

10-11 наурызда  Алматының бірнеше ауданында су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

10 наурызда Медеу ауданындағы тұрғын үйлер суық судан ажыратылса, 11 наурызда Алмалы және Жетісу ауданындағы ғимараттарды сумен жабдықтау тоқтатылады. Аталған аймақтарда жаңа су құбыры желілері қосылатындықтан, жұмысты сағат 17:00-ге дейін аяқтау жоспарлануда. Айта кетейік, тұрғындарға су жеткізу үшін арнайы автоцистерналар бөлінбек.