Алматыда бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі қалалық жоспарға сәйкес 445 іс-шара, сондай-ақ «Игі істер марафоны» жобасы бойынша 197 түрлі форматтағы қайырымдылық іс-шаралары өткізілді
Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта Nur Otan партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасары М. Отыншиевтың, аудан әкімдері мен басқарма басшыларының қатысуымен ішкі саясат саласындағы өзекті мәселелер бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында іс-шараларды, сондай-ақ биылғы жылдың өзге де мерейтойлы күндерін, оның ішінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығын атап өту аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысы қаралды. Сондай-ақ, шетелден келген қандастардың әл-ауқатын жақсарту бойынша көмек көрсетуге байланысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Кеңес барысында әкімнің орынбасары басқармалар мен аудан әкімдіктерінің ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу бойынша Мемлекет басшысының идеологиялық ұстанымдарын іске асыру жөніндегі жұмыстың жеткіліксіздігін атап өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында мерекелеудің тәсілдері мен негізгі бағыттарын айқындағаны атап өтілді. Бұл жұмыстың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі адами капиталдың сапасын арттыру болып табылады. Осыған байланысты Ержан Бабақұмаров білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жастар саясаты салаларындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік сезімтал санаттарын жұмыспен қамту және қолдау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Бұл ретте санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, іс-шаралар өткізу, онлайн режимінде өткізу нұсқасын қарау, сондай-ақ шығынды іс-шаралардан, атап айтқанда, салтанаттардан, конференциялар мен форумдардан бас тарту тапсырылды.
Жалпы, Алматыда бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі қалалық жоспарға сәйкес 445 іс-шара, сондай-ақ «Игі істер марафоны» жобасы бойынша 197 түрлі форматтағы қайырымдылық іс-шаралары өткізілді. Сәуір айынан бастап «Бірге Таза Қазақстан» және «Мекенім – жасыл орманым» республикалық жобалары басталды.
Кеңесте сондай-ақ шетелден келген қандастардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралды.
Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ заң және әлеуметтік мәселелер бойынша нақты қолдау көрсету, жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына тарту бойынша.