Полиция алматылықтарға кептеліс туралы ескертті

31.05.2024 03:08

Алматы Полиция департаменті қала тұрғындарына 30 мамырдан 3 маусымға дейін жолда болуы мүмкін шектеулер туралы айтты

Almaty TV

30 мамыр мен 6 маусым аралығында Алматыда бірқатар халықаралық іс-шара өтеді:

  • - Биылғы 30-31 мамырда Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді.
  • - Биылғы 2-3 маусымда Алматыда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтеді.
  • - Осы жылдың 5-6 маусымында Алматыда ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтеді.

Осыған байланысты, іс-шаралардың ауқымын, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы қалалық полиция департаменті көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылғаны туралы хабарлайды.

Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді.

Біз азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі