Алматыда «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі алғаш рет концерт берді

02.03.2024 02:33

Алдағы уақытта өнерпаздар «Тамыр» деп аталатын жаңа альбомын ұсынбақ

Almaty.tv

«Тұран» этно-фольклорлық ансамблі Республика сарайында алғаш рет ауқымды концерт берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Одан бөлек, алдағы уақытта өнерпаздар «Тамыр» деп аталатын жаңа альбомын ұсынбақ. Жаңа жоба бес жылға созылады. Онда түркі халықтарының ең маңызды шығармалары жинақталады. Топ мүшелері мұның өздері үшін де жаңа тәжірибе екенін айтып отыр. Айта кетейік, альбомдар винил пластинкаларында арнайы топтама ретінде жарық көреді.

«Негізгі мақсаты осы жобалар арқылы түркі халықтарының тамырын таныту, қазіргі жастардың бойындағы тарихын таныту, кім екенін білдіру, көз жүгірту дегендей, ұлтшылдық рухын ояту. Сол мақсатта жасалып отыр», – деді «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің мүшесі Мақсат Медеубеков.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Мәңгілік бала бейне» қойылымы көрерменге жол тартты