Елорда күніне тарту: Түрксіб ауданындағы №61 мектептің кеңейтілген оқу корпусы халық игілігіне берілді

almaty.tv
almaty.tv
Қысқа мерзімде салынып, қолданысқа берілген саябақ Буденный көшесінде орналасқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елорда күні қарсаңында Алматыда 40-қа жуық әлеуметтік нысан халық игілігіне пайдалануға берілді. Оның ішінде 179 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын-үй, медициналық орталық, 4 мектеп пен 2 балабақша бар, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, музыка мектебі мен бірнеше кәсіпорын қайта модернизациядан өтті. Соның бірі – Түрксіб ауданындағы №61 мектептің кеңейтілген оқу корпусы болса, екіншісі жаңа саябақ.

Әуежай маңында орналасқан Маяк ықшамауданының тұрғындары осы уақытқа дейін орманға айналып бара жатқан жерге саябақ салу мәселесін бірнеше рет айтқан. Тіпті, өткен жылы шаһар басшысымен кездесуде де бұл мәселе көтерілген еді. Екі ай ішінде ауданда ойын алаңдары мен жаттығу аймағы және заманауи тротуармен қамтылған жаңа саябақ тұрғындар игілігіне берілді. 

«Биыл біздің ауданға көп көңіл бөліп жатыр. Енді балаларымызбен бірге серуендеуге, демалуға болатын жер пайда болды. Өте қуаныштымыз. Бұл бастаманы елеп және оны жүзеге асырғандарға алғыс айтамыз», – деді қала тұрғыны Тахир Гуламов.

Қысқа мерзімде салынып, қолданысқа берілген саябақ Буденный көшесінде орналасқан. Қазір онда гүл отырғызу жұмыстары ғана қалған. Тұрғындар өз кезегінде жаңа демалыс орны пайда болғанына ризашылықтарын білдірді.  

БЛИЦ:

– Көп күттік. Менің бес немерем бар. Біз бүгін бірінші рет келдік. Өте қатты ұнады.

– Саябақ өте әдемі. Балаларға қатты ұнайды. Осында келіп демаламыз.

– Футбол алаңы өте тамаша! Керемет!

Жақында құрылысы аяқталған тағы бір нысан –  №61 мектептің жаңа оқу корпусы. Ғимараттың құрылыс жұмыстарына бір жылдан астам уақыт кеткен. 450 балаға арналған заманауи білім беру кешені жаңа оқу жылын оқушыларды қабылдауға дайын.

«450 орынға арналған мектеп. 19 сынып бар. Соның ішінде 14 сынып 1-ден 8- сыныпқа дейін арналған. Екі сынып мектепке дейінгі дайындық сыныбы,  Үшеуі мультимедиялық сыныптар. Бұл мектеп замануи технологиялармен жабдықталған. Интерактивті тақта, тестілеу құрылғысы қойылды», – деді мердігер компания директорының орынбасары Нұрхан Шәудірбаев.

Оқу ғимаратында мәжіліс залы мен киім ауыстыру бөлмелері де бар. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға да жағдай жасалған. Кіреберісте пандус пен дәліз едендерінде тактильді тақтайшалар қойылған. Енді №61 мектепте 800 оқушыға дейін білім ала алады.

Арнат Дүйсен, Ялкунжан Ашимжанов «Алматы» арнасы


Новости партнеров