|
16.07.2020 | 22:52
1195

Карантин: Әуезов ауданда 200-ге жуық мекеме тексеріліп, оның 220-сы жабылған

Әуезов ауданында сұлулық салонының астыртын жұмыс істегені анықталды

Карантин: Әуезов ауданда 200-ге жуық мекеме тексеріліп, оның 220-сы жабылған almaty.tv

Әуезов ауданында сұлулық салонының астыртын жұмыс істегені анықталды. Есігін тек келушілерге ғана ашып келген мекеме әкімшісі не деп ақталды? Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді жұмысқа алған азық-түлік дүкені иесін енді қандай жаза күтіп тұр? Кезекті рейдке Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғай қатысып қайтқан еді.

Келуші ретінде есікті қаққан мобильді топ өкіліне салон әкімшісі бірден есік ашты. Сөйтіп, түсірілім тобы келуші мен тырнақ әрлеушісінің үстінен түсті. Кәсіптерін жасырын істеп келген қызметкерлер де қолғапсыз әрі бетпердесіз жүр. Аталған олқылықтар үшін мекемеге хаттама толтырылды.

«Қазіргі уақытта күшейтілген карантиннің енгізілгені белгілі. Рейд барысында шектеулерге қарамастан сұлулық салонының жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Бұл үлкен заңбұзушылық», – деді Әуезов ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының бас маманы Ирина Юнг.

Ал келушілерге лық толған мына азық-түлік дүкені мүлдем залалсыздандырылмайды. Медициналық маска қоры мен арақашықтық жолақтары да жоқ. Қарапайым санитарлық ережелердің сақталу деңгейі де сын көтермейді. Жеміс-жидек лас шүберектер мен қоқыс маңында сақталған. Алкогольді сусындарға толған тоңазытқыштар ашық режимде қойылған. Сондай-ақ, дүкенде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің тиісті құжаттарсыз жұмыс істейтіні анықталды. Енді мекеме басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының үш бабы бойынша жаза арқалайды.

Келесі тексерілген нысанда да қызметкерлер маска тақпапты. Көлік жуу орнында медициналық бетперде мен антисептик қоры да тапшы. Аталған кемшіліктерді жою мақсатында кәсіпкерлік нысан өз еркімен уақытша жабылды.

Әуезов ауданы бойынша осы уақытқа дейін 1200-ге жуық мекеме тексеріліп,  оның 220-сы жабылған. Ал барлық нысандар толықтай карантин талаптарына сай келмейінше мониторингтік топтың жұмысы да тоқтамайтыны анық.

Сымбат Ноғай, Айдос Байназаров, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир