Алматылық еріктілер Мемлекеттік рәміздер күніне орай флешмоб өткізді

04.06.2021 11:55

Осындай пәрменді шара Алматы тұрғындарының назарын бірден аударды

Алматы қаласының жастар ресурстық орталығының 30-ға жуық белсенділері алдағы ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай ерекше флешмоб өткізді. Акция «Менің туым»  деп аталды, деп хабарлайды  Almaty.tv Алматы қаласының  Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Қала тұрғындарының назарын жете аудару және 1992 жылдан  бастап 4 маусымда атап өтілетін  Мемлекеттік рәміздер күніне орай  мегаполис жастары ең танымал  көлік түрі  – электросамокаттарды алып, Алматының басты көшелерімен жүріп өтті. Еріктілер «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінен Әл-Фараби көшесіне дейін қолдарына жалау ұстап бастады.

Осындай пәрменді шара Алматы тұрғындарының назарын бірден  аударды. Еліміздің жас патриоттары осылайша мемлекеттік рәміздердің жоғары құндылығын атап өтті.

Акцияға қатысушылардың бірі, Алматы қаласы Жастар ресурстық орталығының белсендісі Маханбет Бауыржан бұл акция қаланың әрбір тұрғыны мен қонағының жүрегіне үн қосатынын атап өтті.

«Жастар үшін Ту, Елтаңба, Әнұран Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны болып табылады. Біздің әрқайсымыз ту ұстаған  кезде ерекше жауапкершілікті сезінеміз. Біз өз құрметімізді осылай көрсетуді шештік. Әрбір қала тұрғындарын мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырамын», – деді жастар белсендісі Маханбет Бауыржан.

Алматы Жастар ресурстық орталығында мұндай патриоттық іс-шараларды, әсіресе жастар мен жас ұрпақ үшін өткізу өте маңызды, бұл Отанға, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелейді деп атап өтті.