Алатау ауданында көмекке мұқтаж отбасылардың үйіне тегін газ тартылды

06.05.2021 04:18

Төленетін жәрдемақының жалпы сомасы 203 млн теңге

ашық дереккөзден

Алатау ауданында көмекке мұқтаж отбасылардың үйіне тегін газ тартылды. Ал 1329 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Төленетін жәрдемақының жалпы сомасы 203 млн теңге. Бұл жайлы аудан әкімі онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда 507 адам санитарлық-курорттық емделуге жіберілсе, 4,5 миллион теңгеден астам сомаға 407 адам тұрғын үй көмегін алды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1940 адам жұмысқа орналастырылды. Жалпы ауданда жыл басынан бері 1538 жаңа жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар 43,1 пайызға орындалыпты.

«Алатау аданынында экономика бойынша мемлекеттік бюджетке 16 млрд 238 млн теңге түсті. Оның ішінде республикалық бюджетке 8 млрд 48 млн теңге, жергілікті бюджетке 8 млрд 190 млн теңге түсті. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 68 млрд 700 млн теңгені құраған болатын», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.