Алматы әкімдігі саябақтар аймағын салу мерзімін орындамаған мердігермен келісім шартты бұзды

24.08.2023 04:33

Жеткізушіні анықтауға ашық конкурс жарияланды

inform.kz

Саябақ аймақтарын салу және реконструкциялау объектілерін аралау барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровқа Есентай өзенінің арнасы бойындағы жағалауды ("Көкмайса" ш/а, Жетісу ауданы) салу жобасының 80 пайызға орындалғандығы туралы баяндалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінгі таңда ағаштарды санитарлық кесу және алып тастау, көгалдандыру, жиектерді, поребриктерді орнату, суару жүйесінің сыртқы жарықтандыру кабелі мен құбырларын тарту, резервуарды, КШП (кіші сәулет пішіндері) және сыртқы жарықтандыру тіректерін орнату, спорт алаңын монтаждау жұмыстары аяқталды.

Келісім шарт бойынша жұмыстар 2022 жылдың 30 тамызында аяқталуы тиіс еді, алайда мердігер ұйымның жұмыстарды дұрыс орындамауы салдарынан мерзімдер бірнеше рет ауыстырылды. 2022 жылғы 21 қыркүйекте Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы сотқа талап арыз беруге бастамашылық жасады, оның қорытындысы бойынша мердігер ұйым ("Jasyl el Qyrylys" ЖШС) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды. Алматы қалалық сотының 23.02.2023 жылғы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.

Жұмыстың қалдық түрлеріне локальді сметалық есеп жасалды, жеткізушіні анықтауға ашық конкурс жарияланды. Конкурстық рәсімдердің аяқталу мерзімі 2023 жылғы 29 тамыз, құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі - 2023 жылғы 30 қарашаға дейін.

Осы мердігерлік ұйыммен Түрксіб ауданында келісім шарт бұзылды, онда "Желтоқсан" саябағын абаттандыру жобасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімдері де бұзылды. Қазіргі уақытта объектіде сыртқы жарықтандыру кабелі мен тіректерін, суару жүйесінің құбырларын бөлшектеу, көгалдандыру, жабынды төсеу, поребрик пен КСП-ін орнату, спорт алаңын монтаждау жұмыстары жүргізілді. Нысанның құрылысын ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейінгі мерзімде ашық конкурстың қорытындысы бойынша айқындалған "Интеллект КИПиА Сервис" ЖШС аяқтайды. Мердігер ұйымға саябақты абаттандыру жұмыстарын сапалы аяқтау тапсырылды.

Теги: саябақ