24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды

РСК Алматы
РСК Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум күні Алматыдағы дауыс беру учаскелерінде тұрғындар үшін түрлі мәдени және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды. Қаланың әр ауданында концерттер өтіп, фотоаймақтар, жәрмеңкелер мен балаларға арналған ойын алаңдары жұмыс істеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық қызметтер тұрғындардың бұл күнді мерекелік көңіл күйде өткізуі үшін арнайы бағдарламалар әзірледі.

Тұрғындарға жергілікті өндірушілердің өнімдерін ұсынған әлеуметтік жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Қала бойынша барлығы 24 жәрмеңке өтіп, оларға шамамен 50 мың адам келді. 350 кәсіпкер мен өндіруші өнімдерін ұсынды.

Осылайша референдум учаскелеріне келген тұрғындар дауыс берумен қатар түрлі іс-шараларға қатыса алды: ересектер жәрмеңкелерді аралап, жастар концерттерді тамашалап, фотоаймақтарда суретке түсті, ал балалар ойын-сауық бағдарламаларына қатысты.

Қалалық қызметтердің мәліметінше, мұндай іс-шаралар тұрғындардың көңіл күйін көтеріп, дауыс беру күнін алматылықтар үшін жайлы әрі ашық етеді.

Бірқатар учаскеде белгілі өнерпаздар өнер көрсетті. Тұрғындарға арналған шағын концерттерде Айжан Нұрмағамбетова, Асхат Тарғын, Сейфуллин Жолбарыс және Баха ән шырқады. Әрбір орындаушы түрлі учаскелерде өнер көрсетіп, сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Концерттер, атап айтқанда, №140 мектепте орналасқан №247 және №248 учаскелерде, сондай-ақ №63 мектептегі №230 және №290 учаскелерде өтті. Музыкалық бағдарламалар қала тұрғындарының назарын аударып, дауыс беру күнінің атмосферасын жандандыра түсті.

Көптеген учаскеге алматылықтар ұлттық киіммен келіп, іс-шараға ерекше реңк қосты. Дауыс беру орындарының жанында фотобудкалар мен арнайы фоторамкалар орнатылып, тұрғындар естелік суретке түсті.

Балалар үшін де арнайы ойын алаңдары ұйымдастырылды. Учаскелерде оларды ұзын бойлы қуыршақтар қарсы алып, шағын қойылымдар мен түрлі ойын-сауық бағдарламалар өткізілді.

Оқи отырыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Новости партнеров