Book Vibe: Алматыда Абай кітаптарының көрмесі өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ұлы ақынның 180 жылдығына арналған «Book Vibe» атты кітап көрмесі мен концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара Family Park отбасылық саябағында ұйымдастырылды. Онда Абайдың әндері мен өлеңдері орындалып, ақын шығармалары бірнеше тілде оқылды. Сондай-ақ шаһардағы 11 баспаның жаңа кітаптары ұсынылып, жиналғандар сахналанған қойылымдарды тамашалады. Мерекелік жиын интерактивті ойындармен жалғасты. Ұйымдастырушылар ұлт ұстазының рухани мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттауды мақсат етіпті.

 «Іс-шара арқылы жас ұрпақтың бойына Абайдың шығармаларына, қара сөздеріне деген сүйіспеншілік пен махаббатты ояту – мақсатмыз. Биыл 180 жылдықмерейтойға орай, 8 ауданнан ішінде көш бастап, өткізіп жатырмыз. Үлкен жобаларымыз тамыз айында жалғасады», – деді Әуезов ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әйгерім Исалиева.         

Оқи отырыңыз: Тіл шебері: Алматыда дәстүрлі қалалық байқауы өтті

Новости партнеров