Адалдыққа әдет – жаңа норма: Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті

28.10.2025 14:39

Игі іс-шараның өтуіне Ішкі саясат басқармасы мен «Парасатты ұрпақ үшін» қоры мұрындық болған

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы: адалдыққа әдет — жаңа норма». Алматыда осындай тақырыпта қалалық форум өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Игі іс-шараның өтуіне Ішкі саясат басқармасы мен «Парасатты ұрпақ үшін» қоры мұрындық болған. Басқосудың мақсаты - жастар, билік және азаматтық қоғам өкілдері арасында ашық диалог орнату арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде өтті.

«Жастардың бүгінде адалдық тақырыбына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіне деген көзқарасы қалыптасып, өсіп келе жатыр. Біз оқу орындарында да, еңбек ұжымдарында да бірқатар шаралар өткізіп жүрміз. Бұл – солардың кезекті іс-шарасы. Заң мен тәртіп қағидаттарын негізге ала отырып, балалар, студенттер, жастар өздерінің бейнероликтерін дайындап, бір-біріне челлендж ұсынды. Сол жұмыстардың ең үздіктерін бүгін марапаттағалы отырмыз», – деді «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының президенті Марат Қалимолдин.

Оқи отырыңыз: Алматыда бір донордың ағзалары алты адамның өмірін сақтап қалды