Ақын, ғалым Әділғазы Қайырбеков Құрылтай сайлауында таңдау жасады

23.08.2026 09:35

Ел болашағы – бүгінгі таңдаудан басталады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Құрылтай сайлауы күні Алматыдағы №624 сайлау учаскесінде ақын, ғалым, Қазақстанның құрметті жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Әділғазы Жақсылықұлы Қайырбеков дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдің дамуы мен болашағына бей-жай қарамайтын ел ағасы сайлаудың маңызына тоқталып, таңдауын елдің ертеңі мен жас ұрпақтың болашағына бағытталған азаматтық ұстаным ретінде бағалайтынын жеткізді.

«Құрылтай сайлауына келіп, жеті партияның біріне дауыс бердім. Бұл менің әділетті Қазақстан үшін, еліміздің болашағы үшін, ұрпағымыздың келешегі үшін жасаған таңдауым», – деді Әділғазы Қайырбеков.

Ел болашағы – бүгінгі таңдаудан басталады. Сондықтан әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, азаматтық ұстанымын білдіруі маңызды.

Оқи отырыңыз: Алматыда 69 жастағы ұлы 90 жастағы анасын сайлау учаскесіне ертіп келді

Толық көрсету