Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қалқаман» метро бекетінің құрылыс жұмыстарын тексерді

02.12.2025 22:00

Құрылыс тәулік бойы жүргізілуде, нысанда 478-ден астам маман жұмыс істейді

Сол жақтағы тоннельде рельстер төселіп, жарықтандыру, кабель тарту, су құбыры мен дренаж жүргізу, инженерлік жабдықтарға арналған кронштейндер орнату жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдағы кезеңде бейнебақылау, дауыс хабарлау жүйесі, өрт және күзет дабылдарын монтаждау жоспарланған. Оң жақ тоннельде қазу жұмысының негізгі бөлігі аяқталды. Бекет аумағында монолитті құрылымдар бойынша жұмыс соңғы кезеңде.

Сонымен қатар әрлеу, коммуникациялар тарту және жабдықты орнатуға дайындық жүріп жатыр. Құрылыс тәулік бойы жүргізілуде, нысанда 478-ден астам маман жұмыс істейді.

Әкім жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімді қатаң сақтау қажет екенін айтты. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартысының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы белгілі тұрғын үй кешенінде тексеріс жүргізілді