Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысты

15.04.2026 18:43

Қала басшысы Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерлеріне арналған жаңа спорт кешеніне барды

пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жансүгіров көшесін жаяу жүріп, көріктендіру жобаларының жүзеге асырылу барысымен, инфрақұрылымның жай-күйімен және өндірістік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Танысу Боралдай көшесіндегі скверден басталды. Бұл аумақта балалар және спорт алаңдарын орналастыру, арт-нысандар орнату, сондай-ақ Сұлтан-Қарасу өзенінде жүргіншілер көпірін салу жоспарланған. Кездесу барысында тұрғындар аумақты көркейту бойынша ұсыныс білдірді.

Одан кейін қала әкімі «Айс Мастер – Айс Крим компаниясы» ЖШС-де болды. Кәсіпорын басшылығы өндірістік алаңдарды жаңғыртып, іргелес аумақты қалалық көріктендіру талаптарына сай ретке келтіруге дайын екенін айтты. 

Сондай-ақ, қала басшысы Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерлеріне арналған жаңа спорт кешеніне барды.

Рысқұлов даңғылына дейінгі аумақты аралау барысында жүргіншілер аймақтарының санитарлық жағдайы тексерілді.

Дархан Сатыбалды бірыңғай дизайн-кодтың сақталуын қамтамасыз етуді, жобаларды жүзеге асыру мерзімін бақылауды, сондай-ақ қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруда бизнеспен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі қала тазалығына бақылауды күшейтіп, жаңа көріктендіру бағдарламасын іске қосуды тапсырды