«Алатау» дәстүрлі өнер театры жаңартылды: Дархан Сатыбалды аудан тұрғындарымен кездесті
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданын аралау барысында күрделі жөндеуден өткен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының жұмысымен танысты. Сондай-ақ Нұркент шағынауданындағы жаңа саябақтың құрылысын тексеріп, жергілікті тұрғындардың түйткілді мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңғырту жұмыстары кезінде театр ғимаратының қасбеті, концерт және кино залдары, әкімшілік бөлмелер толықтай жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды. Бүгінде театр репертуарында ұлттық өнерді дәріптеуге және мәдени мұраны сақтауға бағытталған түрлі жанрдағы 17 қойылым бар.
Сапар барысында аудан тұрғындарымен ашық пікір алмасу өтті.
Кездесуде мынадай маңызды мәселелер көтерілді:
- Электр жарығының жиі өшуі;
- Жолдарды жөндеу және сапасы;
- Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және өзге де түйткілдер.
«Дегенмен кейбір жобалар созылып кеткен, ал кей жұмыстың сапасына қатысты ескертулер бар. Тұрғындар көтерген мәселелерді жан-жақты зерделеу үшін тиісті орындарға барып, әрқайсысының мән-жайын анықтаймын», — деді қала басшысы.
Қала әкімі Нұркент шағынауданында бой көтеріп жатқан жаңа саябақтың құрылыс барысы тексерді.
Жалпы аумағы 3,2 гектарды құрайтын қоғамдық кеңістік тұрғындардың серуендеуіне, белсенді демалуына және бос уақытын тиімді өткізуіне толық жағдай жасайды. Қазіргі таңда нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Оқи отырыңыз: Скроллингтен кітап оқуға: Алматы кітапханашылары «Кітап оқитын ұлт» жобасы туралы