Әкім үш айда жол, көлік және көгалдандыру жұмыстарына баса мән берді
Алатауы айқара ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаятын Алматы көп адамға – арман. Алайда мыңжылдық тарихы бар алып шаһарда мәселе жоқ емес. Ондағы түйткілдердің түйінін тарқату тікелей қала басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асады. Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы әкімі қызметіне көктемде кіріскен болатын. Содан бері 3 айдан асты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала басшысы өз жұмысын алдымен мегаполисті аралаудан бастаған еді. Әуелі маңызды инфрақұрылым нысандарын түгел көріп шықты. Метро мен БРТ-ның құрылыс барысымен танысып, Наурызбай ауданындағы су мұнарасына да ат басын бұрған. Шаһар әкімі электр жүйесін жөнге келтіру ісіне көңіл бөлді.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Жауаптылар Дархан Сатыбалдыға жарықтандырудың жоспарын таныстырды. Құжат қала аумағы мен негізгі көлік бағыттарын қамтып, бірыңғай жүйе қалыптастыруды көздейді. Одан соң шаһар аудандарындағы тұрғындармен тілдесіп, азаматтарды толғандырған түйткілдерді тыңдады.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қалаға бертін қосылған шағынаудандардағы жағдаймен де танысып, ондағы барлық желіні қала балансына өткізуге айрықша мән берді.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
«Жарық жүйесіне қызмет көрсету жүргізіліп жатыр. Кейін тағы бір рет тексеріп, бәрі дұрыс екеніне көз жеткізу керек. Содан кейін сотқа беріп, оны иесіз деп таныған соң алты айдан кейін қала иелігіне тапсырамыз», - деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.
Шаһар әкімі ерекше назарға алатын мәселенің бірі – қаладағы жол мен инженерлік желілердің жайы.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Мегаполис басшысы құбыры ауыстырылып, жүйелері жаңартылып жатқан учаскелерді аралады.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Ондағы жолды қалпына келтіру барысымен де танысып, жауаптыларға міндеттерін мінсіз атқаруға пәрмен берген.
«Уақыт өткізіп алмаңыздар, бір күн, бір сағат та уақыт өтпеу керек. Аштыңыздар ма, қайтадан жауып, қалпына келтірулеріңіз керек. Беймарал жүретін уақыт жоқ. Қаланың бәрін қазып тастағансыздар. Дұрыс қой, қазып істеу керек, бірақ соны созбау керек», - деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімі қоғамдық көлікті дамыту ісіне де ерекше көңіл бөлді.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Жұмыс сапары аясында қаланың коммуналдық автобус және троллейбус парктерін аралап, олардың техникалық жағдайы мен қоғамдық көліктің қызмет көрсету сапасын тексерді.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ «Оңай» диспетчерлік орталығының жұмысымен танысып үлгерді.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Мегаполис әкімінің назарына іліккен тағы бір мәселе – шаһарды көгалдандырып, аумақтарды абаттандыру.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Биыл 20 жылда алғаш рет Тереңқұр саябағы жаңғыртылып, Қарасу саяжолы ашылды.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Ал жыл соңына дейін қала бойынша 170 мың ағаш отырғызылады деп жоспарланған. Сондай-ақ Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылуын ерекше қадағалайтынын баса айтты.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Одан бөлек, Шығыс айналма жолындағы автосуару жүйесін жөндеу жұмысына баға берді. Жоба келер жылы аяқталады.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
«Елу пайызы биыл, қалғаны келер жылы аяқталады. Бұл жерде жалғыз құр суарып қана қоймай, арнайы сорғыш арқылы толық қысыммен су беріледі. Шығыс айналма жолында 6 шақырым бойымен үш тармақ: ортаңғы жағы, оң және сол жағымен жүргізіледі», - деді мердігер компанияның өкілі Талғат Накипов.
Дархан Сатыбалды Индустриялық аймақ кәсіпорындарының жұмысымен де етене танысып, өндіріс қуатын арттыруды тапсырды. Әсіресе өндірістік тиімділікке, экспорттық әлеуетті арттыруға, инвестиция тарту мен жерді тиімді пайдалануға ерекше назар аударды.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, бүгінде Алматы Индустриялық аймағында 118 жоба жүзеге асырылып жатыр. 2016 жылдан бері мұнда 41 кәсіпорын іске қосылып, 15 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
«Бұл жер телімдері онда жұмыс істеп, қала экономикасын өркендететін кәсіпкерлерге берілуі керек. Онда мемлекеттің тарапынан бар жағдай жасалған. Шын жұмыс істеймін дегендерге де жеңілдік бар. Сондықтан учаскелерді алған кәсіпкер әрекетсіз жатпауы керек. Қала әкімінің жерді тиімді пайдалану жөніндегі ұсынысымен келісемін», - деді қоғам белсендісі Бекнұр Қисықов.
Тау бөктеріндегі құрылысқа шектеу қою мәселесі де қала әкімінің тікелей бақылауында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдыға шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырған еді.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Мегаполис әкімі 2040 жылға дейінгі Бас жоспарда өзгеріс болатынын айтқан. Сондай-ақ қала басшысы тұрғын үйлер бой көтергенде инженерлік желілер мен әлеуметтік нысандарға түсетін жүктемені де ескеру қажеттігін баса айтты.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Мәселен, биылғы оқу жылында Алматыда 7 бірдей жаңа мектеп оқушы қабылдайды.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл орын тапшылығы мәселесін айтарлықтай жеңілдетеді.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
«Қала әкімі 1 қыркүйекке «Келешек мектебінің» дайындығын тексеру бойынша тапсырма берді. Біз тұрақты комиссия, мәслихаттың төрағасы барлығы бірдей сол мектептерді аралап шықтық. Дайын тұрғандары да бар. Ал үлгермейміз деген мердігерлерге қала әкімінің нақты тапсырмасы берілді», - деді қалалық мәслихат депутаты Әкім Тұрсын.
Қаланы аралап, жобалардың жүзеге асу қарқынын тексерген әкім мердігер компаниялар, жауапты басқармалар мен тиісті органдарға бірқатар тапсырма берді.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Міндеттелген жұмысты жылдам әр сапалы жасау маңызды дегенді де үнемі алға тартады.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ шаһар басшысы көшелердің күтімсіз күйіне тікелей аудан әкімдері жауапты екенін ескерткен. Дархан Сатыбалды жастарды дамыту мәселесін де назардан тыс қалдырмады.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
«Олардың әрқайсысының сапалы білім алып, кәсіби және шығармашылық дамуына қолдау көрсету – біздің ортақ міндетіміз» деді.
Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Соның аясында мегаполис басшысы жастардың өз көзқарасын білдіріп, қаланың дамуына үлесін қосуына мүмкіндік беретін «жастар қатысатын бюджет» жобасын әзірлеуді тапсырған.
Гүлмарал Изатқызы, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы