Alma Love: Алматыда әлеуметтік жобалар көрмесі өтті

11.08.2025 16:56

Фестивальдің жабылуы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр

 

Алматыда өткен «SOCIAL LAB» атты әлеуметтік жобалар көрмесінде мыңнан аса тұрғын кәсіби кеңес алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бастама халықаралық жастар күніне арналған «Alma Love» фестивалі аясында ұйымдастырылды. Қалалық жастар саясаты басқармасы мұрындық болған іс-шарада көпшілікке 20-дан аса жоба таныстырылды. Олардың қатарында инклюзивті театр, жасанды интеллект, ашық аспан астындағы кино көрсетілімдері, профилактикалық бағдарламалар, «Тілдер саябағы» мен волонтерлік жобалар, тегін оқыту мен робототехника курстары болды.

Айта кетейік, мегаполисте халықаралық жастар күніне арналған іс-шаралар легі 3-тамызда басталған.

Фестивальдің жабылуы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр. Салтанатты рәсімде гала-концерт қойылып, белсенді жастар марапатталмақ.

«Фестивальдің аты «Alma Love», концепциясы айтып тұрғандай, жастарымыз қалаға деген махаббатын көрсетіп жатыр. Бірінші күннен бастап би жарысы, түрлі челлендж, экологиялық іс-шаралар болды. Сонымен қатар, өнерлі жастардың қолдауымен мурал салынды. Әлеуметтік жәрмеңкелер көрмесі болып жатыр», – деді Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының міндетін атқарушы Бағдат Анарбай.

Оқи отырңыз: Alma Love: Алматыда Жастар күні қалай аталып өтеді