Алматының Алмалы ауданында негізгі экономикалық бағыттар бойынша өсім байқалады

01.04.2026 12:18
пресс-служба акима Алматы

Алматының Алмалы ауданында 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша бірқатар негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіште өсім тіркелді. Бұл туралы аудан әкімі Арман Шәмшин Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бюджетке түскен салық түсімдерінің көлемі 220 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға жоғары. Бұл ауданның экономикалық белсенділігінің тұрақты екенін және іскерлік ортаның дамып келе жатқанын көрсетеді, – деді Арман Шәмшин.

Оның айтуынша, аталған соманың 151,4 млрд теңгесі республикалық бюджетке, ал 68,7 млрд теңгесі жергілікті бюджетке түскен. Жергілікті бюджетке түскен түсім көлемі 6,8%-ға артқан.

Инвестиция көлемінде де оң динамика байқалады. Есепті кезеңде оның көлемі 31 млрд теңгеден асып, 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға ұлғайған.

Құрылыс саласында да айтарлықтай өсім тіркелді. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 30,4 мың шаршы метр болып, өткен жылмен салыстырғанда 42,3%-ға артқан.

Сонымен қатар, ішкі сауда көлемі 735,7 млрд теңгеге жетіп, 17,4%-ға өсті.

Оқи отырыңыз: Алматыда Строительная көшесінде құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі