Алматылықтар дене даярлығы деңгейін тексере алады

12.06.2026 16:46
пресс-служба акима Алматы

14 маусым сағат 09:00-де Алматы Орталық стадионының қосалқы алаңында Қазақстан Республикасы Президенті тестілері өтеді. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Спорттық-бұқаралық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың дене белсенділігін арттыруға бағытталған.

Тестілеуге балалар, жастар және ересек қала тұрғындары қатыса алады. Бағдарламаға 30, 60, 100, 500 және 1000 метр қашықтыққа жүгіру, орнынан ұзындыққа секіру, биік кермеде тартылу, сондай-ақ шалқадан жатқан қалыптан денені көтеру жаттығулары енгізілген.

Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президенті тестілері халықтың дене даярлығы деңгейін бағалаудың маңызды құралдарының бірі саналады және азаматтарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға ынталандырады.

Оқи отырыңыз: Алматы түркі әлемінің жастарын қарсы алды: халықаралық кемпинг жұмысын бастады