Алматылықтарды мегаполистің басты шыршасын жағу рәсіміне шақырды

18.12.2025 10:15

Қала тұрғындары мен қонақтарын ауқымды мерекелік шоу-көрсетілім күтіп тұр

пресс-служба акима Алматы

18 желтоқсан күні сағат 19:00-де Республика сарайы алдындағы Абай алаңында қаланың басты шыршасын жағу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

19:00–20:30 аралығында көпшілікке арналған ауқымды мерекелік шоу-бағдарлама ұйымдастырылады.

Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді:
Роза Рымбаева, «ЖІГІТТЕР» тобы, Али Окапов, «KeshYOU» тобы, Балжан Бидаш, Мәди Рымбаев, «ASTRA» тобы, Kodi және басқа да танымал әртістер.

Сонымен қатар, Абай алаңында кішкентай көрермендерді Аяз Ата мен Ақшақар, басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алып, керемет көңіл күй сыйлайды.