2026 жылы 29-30 мамыр Корея Республикасының Пусан қаласындағы Гвангалли жағажайында жеңіл атлетикадан сырықпен секіру бойынша World Athletics ұйымының Challenger санатындағы күнтізбесіне енгізілген Busan International Pole Vault Meeting халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 10 елден 30-дан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Турнир қорытындысы бойынша Алматы қаласының өкілі Полина Иванова әйелдер арасындағы сайыста 4,20 метр нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.
Ерлер арасында алматылық Иван Товченик 5,40 метр көрсеткішке қол жеткізіп, жүлделі орыннан бір саты төмен қалып, төртінші орын иеленді.
Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, World Athletics Challenger деңгейіндегі турнирлерге қатысу спортшыларға халықаралық рейтингтегі орнын жақсартуға және әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы Терренкур көлінде қалқымалы гүл композициялары орнатылды