Алматылық спортшы қыздар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті

16.03.2026 11:42
пресс-служба акима Алматы

Тараз қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жарыс қорытындысы бойынша алматылық балуандар бірқатар жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

  • Алтын медальдар – Лаура Ғаниқызы (50 кг), Жаңыл Бекен (64 кг), Алина Ертөстік (76 кг);
  • Күміс медальдар – Сәния Сұлтанғали (55 кг), Аида Әлжан (59 кг), Ұлдана Тілеухан (68 кг);
  • Қола медальдар – Медина Қуанышбек (50 кг), Ғазиза Рысалды (53 кг), Шодиона Дильмуратова (55 кг), Қаламқас Жүніс (62 кг), Нұрайым Саяхмет (65 кг).

Жалпыкомандалық есепте Алматы құрамасы бірінші орын иеленді.

Оқи отырыңыз: Алматылықтарға Назарбаев даңғылында жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы ескертілді