Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша алматылық спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірқатар жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы Спорт басқармасының мәліметінше, басты жетістік ерлер арасында командалық есепте бірінші орын болды. Құрама сапында Айдос Кенжігұлов, Дастан Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Абдулла Мамай және Нұрдәулет Нұғай өнер көрсетті.
Алматының әйелдер құрамасы командалық жарыста екінші орынға ие болды. Команда сапында Анель Бақыт, Сарвиноз Миркадирова, Екатерина Пюрке және Гузель Торшаева бақ сынады.
Сонымен қатар, алматылық спортшылар жекелей, жұптық және аралас разрядтарда да жоғары нәтиже көрсетті:
Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл нәтижелер Алматыда үстел теннисінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және спортшылардың жүйелі түрде дайындығын көрсетеді.
Алматылық спортшылар республикалық аренада қала намысын абыроймен қорғауды жалғастырып келеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады