Қазақстан – Словения матчы: Алматының спорт басқармасы үндеу жасады

10.10.2024 17:23

Көрермендер үшін матч алдында қызықты бағдарлама дайындалған

Almaty.tv

13 қазанда сағат 18:00-де Алматының Орталық стадионында УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезең аясында Қазақстан – Словения матчы өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының Спорт басқармасы футболсүйер қауымды билетті алдын ала Қазақстан футбол федерациясының ресми серіктесі дүрлігіп, ығы-жығы болмас үшін Орталық стадионға ертерек келуге шақырады. Орталық стадионға сағат 16:00-ден бастап кіруге болады.

Көрермендер үшін матч алдындағы қызықты бағдарлама дайындалған.

Өткізу жүйесін жақсарту үшін билетке адамның аты-жөні жазылады. Стадионға билетте жазылған адам жеке басын куәландыратын құжатын (жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі) көрсеткен соң кіргізіледі.

Жолаушылар легінің артуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін Орталық стадион арқылы өтетін №34, 92, 118, 120, 120а, 79, 121 автобустарының бағыты күшейтіледі.

Сондай-ақ қосымша 8 автобус бөлініп, тегін экспресс-маршруттар ұйымдастырылады:

  • «Шұғыла-City ТҮК аялдамасы – Орталық стадион»;
  • «Halyk Arena аялдамасы – Орталық стадион»;
  • «Алатау театры аялдамасы – Орталық стадион»;
  • «Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион».

Автобустар сағат 16:00-де жүріп, 20:30-да кері қайтады. Орталық стадионнан шығатын автобустар Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы Байтұрсынов көшесінің бойындағы тұрақта тұрады.

Сонымен қатар жедел маршруттардың жиналу орындары 2GIS сервисінде жазылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшы мәнерлеп сырғанаудан әлемдік рейтингте көтерілді