Алматы – 500 мың: балаларды қысқы спортқа баулу шаралары қолға алынуда

Кешенде 180-нен астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы – 500 мың» бағдарламасы аясында жүзеге асатын бастамаға шаһардағы тау кластерін дамыту жобасы серпін бермек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әсіресе, балалар мен жасөспірімдерді қысқы спорт түрлеріне баулуға басымдық берілген. Осы мақсатта мектеп оқушыларына арналған арнайы шаңғы үйрету алаңдарын ашу қарастырылып жатыр. Мұнда балалар кәсіби нұсқаушылардың көмегімен шаңғы тебудің қыр-сырын меңгереді.

«Біз үшін ең маңыздысы – тау кластерін барша тұрғынға қолжетімді ету. «Алматы – 500 мың» бағдарламасы арқылы балаларды мектеп жасынан спортқа баулығымыз келеді. Алдағы уақытта оқушыларға арналған шаңғы сабақтарын ұйымдастырамыз. Онда жеткіншектер шаңғы тебуді үйреніп, тәжірибе жинайды. Ең бастысы, абақтарды тегін немесе барынша төмен бағамен өткіземіз», – деді халықаралық сарапшы Жан-Пьер Барало.

Ал болашақ «Almaty SuperSki» курортында ұзындығы 60 шақырымға жуық шаңғы жолы салынып, оның 70 пайызы балалар мен шаңғы тебуді жаңадан үйренушілерге арналмақ. Кешен тәулігіне 10 мыңнан астам адамды қабылдай алады. 2028 жылдың желтоқсанында іске қосылатын жоба қысқы спортты көпшілікке қолжетімді етіп, алматылықтардың белсенді өмір салтын ұстануына кеңінен жол ашпақ. Кешеннің өндірістік портфеліне 27 халықаралық патенттелмеген атауы бар, соның ішінде онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттар кіреді.

Инвестициялардың жалпы көлемі 103 млрд теңгеден асады. Кешенде 180-нен астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жобаны жүзеге асыру еліміздің фармацевтика саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие және локализацияны кеңейтуге, орнықты өндірістік базаны қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар препараттардың импортын кезең-кезеңімен алмастыруға бағытталған. Одан бөлек, шығарылатын өнімнің бір бөлігін ЕАЭО, ТМД елдерінің, сондай-ақ Таяу Шығыс мемлекеттерінің нарықтарына экспорттау жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы табысталады