220-дан астам маман көпдеңгейлі сахна құрастырып жатыр
Алматы Дженнифер Лопес концертіне дайын, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мегаполистің Орталық стадионында әлемдік жұлдыздың ертеңгі концертіне соңғы дайындықтар жүріп жатыр.
Күні-түні жұмыс істеп жатқан 220-дан астам маман көпдеңгейлі сахнаны құрастырып, жарық пен дыбыс жүйелерін орнатып, фан-аймақтар мен VIP-кеңістіктерді жабдықтауда.
10 тамызда Алматы әлемдік поп-музыканың орталығына айналып, көрермендерге Джей Лоның керемет шоуын сыйлауға толықтай дайын.
Оқи отырыңыз: Алматы Дженнифер Лопестің концертіне әлемдік деңгейдегі сахна дайындап жатыр