Алматы индустриалды аймағында 417 млрд теңгеге қанша жоба жүзеге асырылып жатыр

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Бұл 10 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бүгінге дейін жалпы құны 138,2 млрд теңгені құрайтын 41 жоба сәтті жүзеге асырылған Алматының Индустриалды аймағында болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жобалар 4 700-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта жалпы құны 416,9 млрд теңгені құрайтын тағы 67 инвестициялық жоба белсенді сатыда, бұл 10 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Сапар барысында министр іргелі кәсіпорындардың жұмысымен танысты:

  • Hyundai Trans Auto – жылына 10 000 жүк көлігі мен 1 200 автобус шығарады;
  • Hyundai Trans Kazakhstan – 15 га аумақта орналасқан зауыт, жеңіл автомобильдердің 8 моделін шығарады;
  • Kazakhstan Mobility Engineering – компания Hyundai автокөліктеріне, ал 2025 жылдан бастап – Haval, Chery және Changan брендтеріне арналған қазақ тілінде мультимедиялық жүйелерді шығарады;
  • Almaty Autoparts Production – қазақстандық және қытайлық автоөндірушілер үшін автомобильдік креслолар шығаратын зауыт;
  • Telli Ondiris – табиғи тұрмыстық химия және косметика шығарады, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған заманауи зертханасы бар.

«Алматы индустриалды аймағы жоғары технологиялық өндіріс орындарын құру және жергілікті қамтуды дамытуға ықпал ету арқылы өзінің өндірістік әлеуетін арттыруды жалғастырып жатыр», - делінген хабарламада.

Белсенді түрде инвестиция тарту мегаполистің және тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуінің негізгі драйверлерінің біріне айналдырмақ.

Оқи отырыңыз: Егіс алқаптарын әртараптандыруға алғаш рет 1 млн гектар жер бөлінді

Новости партнеров