Кеңестің бұрынғы төрағасы Махамбет Хасенов «Respublica» партиясының атынан Құрылтай депутаты болып сайланған
Алматы қалалық Қоғамдық кеңесіне жаңа төраға сайланды. Кеңес мүшелерінің шешімімен бұл міндет Нұржан Бауыржанұлы Жақұповқа жүктелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол осыған дейін алқалы орган құрамында кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі комиссияға жетекшілік етіп, қаланың іскерлік ортасына қатысты бірқатар бастамаға атсалысқан. Ал кеңестің бұрынғы төрағасы Махамбет Хасенов «Respublica» партиясының атынан Құрылтай депутаты болып сайланған. Осыған байланысты жиында төрағалық міндет жаңа басшыға өтіп, кеңес құрамы да бірқатар жаңа мүшемен толықты. Басқосуға қатысушылар Нұржан Жақұповқа жаңа қызметінде сәттілік тілеп, алдағы уақытта қала тұрғындарын толғандырған мәселелерді бірлесе шешуге ниетті екенін жеткізді.
«Құрметті әріптестер, сенім білідіріп, қолдағандарыңыз үшін рахмет. Қалалық Қоғамдық кеңестің басты күші – Алматының дамуына әр салада үлес қосып жүрген білікті мамандардың топтасуында. Алдағы уақытта осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, қала тұрғындарын толғандырған мәселелерді бірлесе талқылап, нақты ұсыныстар мен нәтижелі бастамаларға ұйытқы боламыз деп сенемін», – деді қалалық қоғамдың кеңестің төрағасы Нұржан Жақұпов.
Оқи отырыңыз: Алматы онкоорталығында дәрі-дәрмектің науқасқа дейінгі жолы робот арқылы бақыланады