Алматы қаласы мен облысының әкімдері агломерацияны дамыту мәселесін қарады

17.07.2026 18:53

Алматы агломерациясында инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілді

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен Алматы агломерациясы жергілікті кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Басқосуда агломерацияны кешенді дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселе қаралды.

Атап айтқанда, Қарасай, Іле және Талғар ауданындағы елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстарын жеделдету, тұрғын үйлерді газ желісіне қосу тетіктерін жеңілдету және елдімекен ішіндегі инженерлік инфрақұрылымды дамыту жайы талқыланды.

Сонымен қатар Түрксіб ауданындағы көмір базаларын көшіру, Алматы қаласынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейінгі радиалды көшелерді ұзарту, көлік жүктемесін азайту және экологиялық ахуалды жақсарту мәселесі көтерілді.

Бұдан бөлек, халық санының қарқынды өсуіне байланысты қала маңындағы аудандарға мектептер салу үшін жер телімдерін белгілеп, инженерлік желі тарту және құрылыс жұмыстарын жеделдету қажеттігі айтылды.

Сондай-ақ агломерация тұрғындары үшін қоғамдық көлік қатынасын жақсартып, әкімшілік шекараларға қарамастан бірыңғай әрі қолжетімді көлік жүйесін қалыптастыру міндеті қойылды. 

Оқи отырыңыз: Алматыда арықтарды жаңғырту жұмыстары басталды