Алматы қаласы әкімінің орынбасары Такахару Тезукамен кездесті

14.10.2025 17:41

«TEZUKA ARCHITECTS» – білім беру нысандары мен қоғамдық кеңістіктер жобалау саласына маманданған халықаралық сәулет бюросы

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов жапониялық әйгілі сәулетші, «TEZUKA ARCHITECTS» сәулет бюросының негізін қалаушы Такахару Тезукамен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«TEZUKA ARCHITECTS» – білім беру нысандары мен қоғамдық кеңістіктер жобалау саласына маманданған халықаралық сәулет бюросы. Компания жұмысының негізгі қағидаттары: ашық жоспарлау, кеңістіктің сезімдік үйлесімі және қарапайымдылық пен жоғары функционалдылықтың сабақтастығы.

Кездесу барысында тараптар Алматыдағы білім беру ұйымдарын жаңғырту үдерісінде «TEZUKA ARCHITECTS» тәжірибесін пайдалану мүмкіндіктерін, балалардың мектептен тыс шығармашылық және дамытушы ортасын кеңейту жолдарын, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелердің сәулетіне ашық кеңістік қағидатын енгізу мәселелерін талқылады.

Оқи отырыңыз: Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді - Мемлекет басшысы